Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын Путинмен кездесуді жоспарлап отыр

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын осы айда Владимир Путинмен кездесу үшін Ресейге баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ким Чен Ын Пхеньяннан броньды пойызбен Ресейдің Тынық мұхиты жағалауындағы Владивостокқа баратынын хабарлады.

"Екі көшбасшы Ресейдің Украинадағы соғысын қолдау үшін Солтүстік Кореяның қару-жарақ беру мүмкіндігін талқылайды. Жоспарланған кездесудің нақты орны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда Путин мен Ким Чен Ын "екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге уәде беретін" хат алмасуда" - деді америкалық шенеунік.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Адриен Уотсон Вашингтонның бұған дейін Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қару-жарақ келіссөздері "белсенді түрде алға жылжып жатқанын" ескерткенін айтты. Шілде айында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Пхеньяндағы әріптесімен кездесуінде Солтүстік Кореямен әріптестік "Мәскеу үшін маңызды" деп мәлімдеген еді. 

Талқылау