Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық жолмен алынған кірістерге қарсы күрес: Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заң:

- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе өзге де заңды тұлғаларға тарату;

- Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген субъектілердің тікелей немесе жанама бақылауындағы ақша қаражаты мен өзге де мүліктеріне тыйым салу;

- заңда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шарттарды анықтау, оларға сәйкес бір топқа жататын қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісті тексерудің нәтижелері мен құжаттарына сүйенуге, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуға құқылы;

- қылмыстық қаражатты заңдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және ФАТФ ұсынымдарында айқындалған бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін мүлікті тәркілеу түріндегі қылмыстық жазаларды белгілеу;

- қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу;

- қаржы мониторингі органдарының лауазымды адамдарына тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, ал соттарға – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және олар бойынша қаулылар шығару өкілеттіктерін беру;

- мемлекеттік органдарға қаржылық мониторинг субъектілері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау мақсатында олардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ тәжірибені жалпылау, дамыту және АЖ/ТҚҚ заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу қарастырылған. 

Дана Русланқызы
Жұма, 01 Шілде, 2022 20:45
Талқылау