AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ жалған шот-фактура жасап, мемлекетке жарты миллиард теңге зиян келтірген

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыс жасаған бір топ адамды әшкереледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактура жазып берген. Олар өз әрекетімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген. 

Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымда басшылық қызмет, оның ішінде шот-фактура беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. 

Төленбеген салық камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында бүкіл контрагенттерден өндіріп алынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр