Қылмыстық ортада беделді "Жабайы Арман" желіде челлендж бастады (видео)
«Жабайы Арман» атымен белгілі қылмыстық орта беделдісі қазақстандық Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желіде челлендж бастады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ztb_kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кей мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Ыстамбұлда жүрген ер адам қазақстандық желі қолданушыларын өз мәдениетін есте сақтап, оны сурет арқылы көрсетуге шақырды. Жұмагелдиев қар барысы мен қасқырдың қос белгісін қалай көрсету керегін түсіндірді.
«Біздің барыс сияқты айбарлы, қасқыр сияқты ұйымшыл болғанымызды айтқым келеді. Біз бірге болайық, бірлігімізді сақтайық», - дейді Арман Жұмагелдиев.
Видео кадрларына қарағанда, аталған флешмобты еліміздегі Қайрат Нұртас, КВН жұлдызы Нұрдәулет Шертім сияқты кейбір танымалдар да қолдаған сияқты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"