Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық полицейлер дауысын түрлендіріп, телефон арқылы адамдарды алдаған күдіктіні қолға түсірді

Атыраулық полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы жаңа құрбандарын қалай алдайтынын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

18 қараша күні криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деген жазбамен жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша алған 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

"Күдікті 27 жастағы ер адам болса да дауысын түрлендіріп, жас қыз немесе әйел адам болып телефонмен оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған. Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды", – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Талқылау