Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерлердің қолында 2 мыңнан астам қару бар: ІІМ қаңтар оқиғасынан кейінгі қауіпті айтты

ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол тәртіпсіздіктер кезінде қару қоймалары мен құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарынан 2900-ден астам қару-жарақ, сондай-ақ 63180-ден астам оқ-дәрі ұрланғанын еске салды.

"Ұрланғандардың ішінде 35 гранатомет, 8 пулемет, 268 автомат, 17 мылтық, 594 тапанша, 98 арнайы қару және 239 травматикалық тапанша бар. Үлкен арсенал, 2 мыңнан астам ұрланған қару-жарақ үлкен қауіп төндіреді. Өйткені қылмыскерлер оларды кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы пайдалана алады", - деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерлері қылмыскерлер жасырған 215-тен астам қару-жарақ қоймасын тауып, одан 721 қару, оның ішінде 2 гранатомет, 43 пулемет, 189 түрлі мылтық және 11 мыңнан астам оқ-дәрі, сондай-ақ тәркіленгенін айтты. 

Талқылау