Бала арманынан бас тартып, тергеуші атанған бойжеткен әкесін өлтірген қылмыскерлерді 23 жылдан соң тапты
Жасөспірім кезінде бизнеспен айналысқан әкесін атып өлтірген адамдардың жазаланбауы Анастасия Садриеваның бала арманынан бас тартып, кінәлілерді өзі табуына мәжбүр еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасап.
Александр Садриев Великий Новгородта танымал бизнесмен болды. Кәсіпкердің тауарлары бар қоймалары болған, құрылыспен айналысқан. Бірақ негізгі кірісті 90-шы жылдардың ортасында кездесе бермейтін, радио және видеотехникасы бар алғашқы супермаркеттердің бірінен алды. Жағдайы тез жақсара бастады, көп ұзамай дүкенде үлкен кезектер пайда болды. Сатып алушылардан басқа, 90-шы жылдардағы ірі қылмыстық топтар тапшы тауарларға тез назар аударды.
1997 жылы 14 наурызда Александр Садриев үйінің кіреберісінде, әйелінің көзінше атып кеткен.
"Мен 10-сыныпта оқыдым, анаммен ештеңеге мұқтаж емес едік. Әкем шет тілі оқытушыларына ақы төледі. Мен шет тілдер факультетіне оқуға түскім келді. Бірақ оның өлімі бүкіл өмірімізді өзгертті", - деді Новгород облысы СКР БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі аға көмекшісі Анастасия Садриева.
Ол әкесін өлтіргендердің қамауға алынбағанына көндіге алмаған. Оларды ұстап, жазалау ниеті қызды заңгер мамандығын оқуға мәжбүр етті.
"Сол кезде мен заң факультетіне түсуге бел будым. Анам пәтер ауыстырды - біздікі мен әжемдікі, бірге тұрдық. Бұл ақшаға мен бір жыл бойы қосымша оқуға барып, дайындалдым. Заң факультетінің ақылы бөліміне оқуға түстім. Мен әкемнің өліміне қатысты тергеу туралы үнемі ойладым", - дейді Анастация.
Настя жасөспірім кезінде досы Семен Самойловтың қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп болжаған, ол кезде жігіт небәрі 17 жаста еді.
"Самойлов менің құрбымның жігіті еді. Біз бірге жүрдік, қыдырдық. Онымен жақын сөйлеспедім, бірақ әкемнің өлімінен кейін бірнеше ай бұрын ол маған сөйлесуге келе бастады. Әкем түскі асқа нешеде келетінін, оның кеңсесі қайда екенін сұрады. Сонымен қатар, оның ересек досы – көрші ағасы Сава Дедков бар екенін естідім, ол оған ақша, киім, аяқ киім, велосипед сатып алуға көмектесетін", - дейді қыз.
Настя Самойловтың қаншалықты өзгергенін байқай бастады. Жақсы жігіт, спортшы, кенеттен есірткі қабылдады. Оның жаңа досы - Сава ағай - шетелге сапар шегіп, ол жерде қосалқы бөлшектерді ұрлап, криминалды авторитеттің шетелдік машиналарын жөндеді.
Университетті бітіргеннен кейін Анастасия Садриева алдымен прокуратурада жұмыс істейді, ал 2007 жылы тергеуші болады.
Уақыт өте келе Анастасия Садриева полковник атағын алып, әкесінің өліміне қатысты тергеуді қайта бастауға тырысады. Оның айтуынша, бұл Николай Супрун аймақтық ҰҚК басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған кезде жасалды. Ол Садриеваның әкесін өлтіру туралы қылмыстық істі өзі зерттеуді ұйғарып, кейін бұл істің сотта болмағанына таң қалды, өйткені тергеуде дәлелдер болған.
Александр Садриевтің өліміне қатысты тергеу 2020 жылдың жазында қайта басталды. Нәтижесінде қыз күдіктенген адамдар ұсталды. Тергеу кісі өлтіруге тапсырыс беруші қаладағы ең ірі қылмыстық топтың жетекшілерінің бірі екенін анықтады. Кәсіпкер "қорғау" үшін ақы төлеуден бас тартқан. Кейін оны өлтіріп кеткен.
Қазір өз кінәсін мойындаған қылмыскерлердің біріне қатысты іс сотқа жіберілді. Екінші күдіктіге қатысты іс әлі тергелуде. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші Александр Садриев қаза болғаннан кейін екі жылдан кейін текетірес кезінде оқтан көз жұмған.