Қылмыскерлер экс-министрді кепілге алып, түрмеден қашпақ болды
Филиппин мемлекетінің Кесон қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отырған үш адам бұрынғы әділет министрін кепілге алып, қашпақ болған. Оларға полиция тосқауыл қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға салдарынан құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алды. Бұрынғы министрге қазір қауіп төніп тұрған жоқ.
"Қылмыскерлердің үшеуі де көз жұмды, оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Тергеу изоляторындағы дүрбелең басылды, жағдай қалыпқа келді, тергеу жүріп жатыр", – деді полиция баспасөз қызметінің басшысы генерал Родерик Альба.