Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерді жұмысқа тартыңыздар: Әйелін тірідей өртеп жіберген Қанат Садуов балаларына алимент төлемейді екен

Әйелін қастандықпен өлтірген оның күйеуі балаларына алимент төлемейді екен. Ал жетім балаларды асырап отырған марқұмның әпкесі Айгүл Дәрменова бірнеше жылдан бері күйеу баласын жұмысқа тартуды айтып, шырылдауда екен. Төрт баланың әкесі өз әйелінің үстіне бензин құйып өрттеп жіберген. Бес жыл бұрын түрмеге жабылған ер азамат балаларына ақша төлеуден бас тартып отырған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

әйелін өлтірген

Айгүл Дәрменова күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандығын айтуда. Бес жыл бұрын оның туған сіңілісін күйеуі айуандықпен өлтірген: ер азамат төрт баланың анасының үстін бензин шашып, өртеп жіберген. Қылмыскерді 18 жылға түрмеге қамап, 11 миллион теңге көлемінде материалдық шығын төлеуді тағайындаған. Дегенмен сот үкімі марқұмның жақындарын қанағаттандырмапты. Қанат Садуов бүгінге дейін бала-шағасына бір тиын да төлемей отыр екен. 

"21 жыл бойы әйелінің мойнына асылып өмір сүрген еді, енді оған мемлекет қамқорлық көрсетіп отыр. Өмірі сол, маған барлығы болады деп ойлайды. Егер ол ақша төлей алмаса, онда биліктегілер төлесін ақшаны. Балалар ата-ана мейірімінсіз қалды", - дейді марқұмның әпкесі Айгүл Дәрменова.

Көз жұмған әйелдің үлкен баласының жасы 25-ке, екіншісі 18-ге келіпті. Екеуі де жұмыс істейді екен. Айлық жалақылары 100 мыңға әрең жететін көрінеді. Ең кішісі мектепте оқиды. Ал балаларға берілетін жәрдемақы 120 мың теңгені құрайды. Оның 80 мыңы үйдің жалдамалы ақысына жұмсалады. 

Айгүл Дәрменова түрме басшылығына арнап бірнеше рет хат та жолдапты. Онда әйел қылмыскерді жұмысқа тартуды сұрапты. Бірақ бірнеше жылдан бері ондағылар тек бос уәде берумен ғана шектеліпті. Ал бұған дейін бақилық болған Светлана Дәрменова өзінің қатыгез күйеуінен қорғау сұрап, полицияға шағымданыпты. Бірақ ол кезде де оның өтініші орындалмапты. 

"Нұр-Сұлтанда бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Қанша жердің табалдырығын тоздырды. Алайда оған ешкім қорғау бола алмады. Енді қазір оның балалары тағы қиналып отыр", - дейді Айгүл Дәрменова. 

Қайғылы жайттың балалардың психологиясына қалай әсер еткенін елестету мүмкін емес. Олардың үлкені де кішісі де түсірілімге қатысудан бас тартыпты. 

"Әсіресе 8-наурыз мейрамына қарсы балалар қатты қиналады. Басқалардың өз аналарын құттықтап жатқанын көріп қаймығады. Дегенмен олардың да саналары бұл жағдайға үйренді. Мені, әжелерін құттықтап жатады. Бірақ біз қанша дегенмен олардың анасының орнын баса алмаймыз ғой", - деп қамықты марқұмның әпкесі. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап еткені жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті
Çàãðóçêà...