Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыс орнында ұсталды: Алматы тұрғыны жалған 900 мың долларды сатпақ болған

Алматы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған доллардың ірі партиясын сатпақ болған жергілікті тұрғынды ұстады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел уәкілдер бұған дейін жалған долларды бірнеше рет сатқан деген күдікке ілінген алматылық азаматты кезекті партияны сатпақ болған сәтте қолға түсірді.

"Қала тұрғынына қатысты номиналы 100 долларлық, жалпы сомасы 293 200 доллар болатын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді экономикалық тергеу департаментінде.

Сонымен қатар, тінту барысында ұсталған адамнан 600 мың жалған доллар табылды.

 

Сот күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы -  "жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе өткізу" тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Қараша, 2020 09:43
Талқылау