Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кілең жындының ролі, голубойдың роліне тартып кете береді": Бауыржан Ибрагимов "дамымай қалған" әріптестері туралы

Белгілі актер, "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов журналист Аман Тасығанның Talklike жобасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ өнерінің жағдайы туралы, кімнің актерлік өнерін бағалайтынын, ал кімді актер санамайтынын айтты. Оның ойынша, өнердегі тоқырау көрерменді арзан күлкі мен әзілге әуес қылды. 


"Біздің театрда жүріп сәл піспей қалған жігіттер бар. Мәселен, Әбунасыр (Әбунасыр Серіков - ред.). Ол керемет актер, бірақ өз театрмыды ашам деп кетті де, однобокий болып қалды. Негізі органичный керемет актер. Мен сәл шыда деп жүрдім, ал ол енді кілең жындының ролі, голубойдың роліне тартып кете береді. "Нысанаға" барды да бір образ жасай алмады, қолынан келмейді емес, келеді, бірақ қасына мықты партнер болмады. Мықты режиссер болмады. Қазір киноларын көріп отырмын, сол баяғы қалпы, однообразный, Әбеке әйтпесе мықты актер. Тукаға да талай айттым, сенің образдарың бір-бірін қайталайды, кейде өзін-өзі ойнап жүрген сияқты. Оларға сәл қамшы жетіспейді, мықты режиссер керек", - деді "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының негізін қалаушы. 

Актер сондай-ақ қазақ эстрадасына да көңілі толмайтынын жасырмады. 

"Өткенде әдемі қазақтың әнін бұзып айтқан әншіге ұрыстым, өлдің бе не ақша деп, сонша бұзғанын не деп. Түріктің жап-жақсы әнін қазақша орындайды, мен айтам, енді неге түрік тілінде орындай бермедің? Кез-келген әннен қырғыздың болсын, түріктің болсын, иісі аңқып тұру керек қой. Ал бізде екі-үш әнші бар, музыкасы индийский басталады да, сосын түрікше, шығысқа ілесіп, арасында арабшаны іле кетіп, соңы қытай музыкасымен аяқталады. Халыққа берері не деп ойланбайды, есіл-дерті халықты билетсе, қалтасын қампайтса", - деп өнер иесі ақшаның соңында кеткен әншілерге ренішін білдірді.  

Өнерпаз бүгінгі таңда саясатта сынайтын сатира жоқ екендігін де жасырмады. Саясат демекші, актер 1993 жылы депутаттық сайлауға түскенін тілге тиек етті.

"Ол кезде де ұсыныс болды, депутат боламын деген үлкен жоспар болмады, қасымдағы марқұм болып кеткен Марат Сақатов "өтсең өтерсің, өтпесең қоярсың" деп көндірді. Жеңуге де шамалы қалды, бірақ ақсақалдар менен басқа жасы үлкен кісіге жолымды беруін ұсынды", - деп еске алды ол. Актер болашақта саясатпен айналысуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Оның пікірінше, саясатпен ақыл тоқтатқан, жасы 55-60 аралығындағы азаматтар айналысуы керек. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...