"Кілем мен білезік": Джей Ло қазақстандықтар тарту еткен сыйлықтарды көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/jlo/
Америкалық жұлдыз Джей Ло қазақстаннан алып кеткен сыйлықтарын жеке парақшасында бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлем жұлдызы тамыз айында Қазақстанға келген еді. Жеке парақшасында отандық дизайнер-суретші Әсел Сабыржанқызының туындысын бөлісті.
“Кілемнің өлшемі – 170 см мен 120 см аралығы. Лопестің ерекше фотосын таңдадым. Ал туындыға Алматы қаласының көрікті де әсем жерлерін бейнеледім. Кілем – өнер үшін ерекше материал. Сондықтан еліміздің атынан осындай сыйлық жасауды жөн көрдім”, – деп жазды суретші.
Еске салсақ, депутат әнші Дженнифер Лопестің сахналық киіміне пікір білдіремін деп сынға қалған еді. Кейін ол неліктен бұлай пікір білдіргенін түсіндіріп, Дженнифер Лопестің Араб әмірлігінде жабық киінгенін атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген