Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиын жағдайға тап болған студенттерге орын табамыз": Алматыда баспанасыз қалған студенттерге арналған арнайы штаб ашылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда баспанасыз қалған студенттерге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін штаб ашылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі департаменттің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Cурет ашық дереккөздерден алынды

"Қазіргі уақытта бос немесе жартылай бос тұрған барлық қонақүйлер мен жатақханалармен келісімшарттар жасалуда. Осылайша баспана іздеген студенттерге айына 20-25 мың теңге жеңілдікпен жатақханада тұру мүмкіндігін береміз", – деді министр "Қазақстан" телеарнасының "Жедел желі" бағдарламасына.

Министрлік пәтерсіз қалған студенттер үшін арнайы штаб құрылғанын айтты.

"Ол Сәтбаев университетінің жатақханасында орналасқан. Бірінші курс студенттері, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттер, сондай-ақ жалға берілетін пәтер таба алмаған немесе қиын жағдайда қалған студенттер штабқа хабарласа алады. Штаб 24 сағат жұмыс істейді. Мұндай жағдайларды дереу шешуге тырысамыз. Қиын жағдайға тап болған студенттерге орын табамыз. Университеттермен келіссөздер жүргізіп, оларды орналастыруға тырысамыз. Қыркүйек айынан бастап штаб жұмыс істеп жатыр", –  деп қосты Саясат Нұрбек.  


Талқылау