"Киіктердің саны 2,6 млн-ға жетеді": Министрлік ақбөкендер санын азайтса, қандай шаралар қабылдайтынын айтты
Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкендер санын азайтқан жағдайда қандай шара қабылдау керекітігін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Самат Төлегеновтің айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкендер санын азайтқан жағдайда ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі тиіс.
Айтуынша, ведомство мал қорымдарын анықтап, жануарлардың сүйектерін кәдеге жаратумен айналысады.
“Ақбөкендердің етін ет өңдеу кәсіпорындарына дейін тасымалдау санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілуі керек. Яғни тасымалданатын техникада температуралық режим сақталып, көлікте дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою орындарында ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілуі қажет”, - деп атап өтті Самат Төлегенов.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким елімізде киіктердің қаншаға жеткенін де жариялады. Оның айтуынша олардың саны жыл соңына дейін 2,6 млн құрайды деген болжам бар.
"Көктемгі аэротүсірілім нәтижелері бойынша киіктердің Орал популяциясы 1 130 бас, ал Қазақстан бойынша, 1 миллион 915 мың бас болды. Болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдеуді есепке алғанда 2,6 миллион болады. Бірақ, бұл ретте киіктердің көп болуы ауылшаруашылығында жайылымдар мен суару орындарында бәсекелестікті күшейтіп, егіннің бүлінуіне әкеп соғады,- деп мәлімдеді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.