AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киевтегі зымыран шабуылдаған телемұнараның жанында Қазақстан елшілігі орналасқан

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Киевтегі зымыран шабуылдаған мұнараға 800 метр қашықтықта Қазақстан елшілігінің орналасқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Түнде елшіліктен 800 метр жердегі телемұнарада жарылыс болды. Бізге жақын жерде Лукьяновка ауданы да орналасқан. Атыс дыбыстары анық естілді. Біздің барлық азаматтар жертөледе болды, бәрі де аман, зардап шеккендер жоқ. Елшілікті нысанға алады деп ойламаймын. Бастысы шалыс кеткен снарядтар тиіп кетпесе болды”,- деді елші. 

Кәлетаев сонымен қатар Украина ұлттық гвардиясының үш адамы біздің дипломаттарымызды қорғап тұрғанын жеткізді. Төтенше жағдайдағы Қазақстан елшілігінің эвакуациялануына қатысты мәселе қазіргі уақытта қолға алынбай отырғанын айтты.

“Біз елге кететін болсақ Украинаның бақа аймағындағы көмекке мұқтаж қандастарымыздың жағдайы не болады? Қазірдің өзінде автобустың кетуіне бір сағат қалғанда түрлі аймақтарда қалып қойып, Киевке дейін жете алмаған азаматтар хабарласып кеңес, көмек сұрауда”, – деді 

Сондай-ақ өкілетті елші Украинаның Сумы қаласында жүрген қазақстандық студент Денис Терновқа қатысты жағдайға тоқталды. Кәлетаевтың айтуынша, дипломаттар оны жергілікті отбасылардың біріне орналастырған.

Қазақстандық белсенділер мен бастамашыл топтар қазір Денисті отанына әкелудің түрлі жолдарын іздестіріп жатыр. Тіпті халықаралық ұйымдарға да хабарласуда. Анасы қатты уайымдап отыр.  Біз олармен байланыстамыз", –  деп түйіндеді елші.

Украинаның ішкі істер министрлігі телемұнараға жасалған шабуылдың әсерінен елде арналардың біраз уақыт жұмыс істемейтінін, жақын арада резервтік трансляция қосылатынын жеткізді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр