Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов: Эстраданың қазақша үлгісін мен қаладым 

Бірер күн бұрын 56 жасқа толған Қыдырәлі Болманов қазақ эстрадасында төңкеріс жасағанын мәлімдеді. Продюсердің айтуынша, ол эстраданың қазақша үлгісін алғаш болып жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Эстраданың қазақша үлгісін ең бірінші болып мен қаладым десем, артық болмайды. "Ұлытау", "АБК", Қарақат, әрқайсысы бөлек. Эстрадада унисонмен ән айтқан бірінші дуэт Қыдырәлі мен Қарақат болса, бүгінгі таңда Аллаға шүкір, жетеді. Қазір біздегідей дуэттер саны Ресейде, Өзбекстанда, Тәжікстанда, айналамызда жоқ", – деп мақтанды продюсер.

Болманов "АБК" тобын өзінің алғашқы жеңісі деп санайды. Ол топтың құрылған кезін еске алды. 

"АБК" эстрададағы алғашқы топ, "Тамшылар" алғашқы клип. "АБК" тобын менің алғашқы үлкен жеңістерімнің бірі деп есептеймін. Өйткені біз эстрадаға келген кезде барлығы таза орысша болатын. Жұлдыздар көп-ақ, ішінде қазақша топ, қазақша әнші жоқ. Кеңес Одағын айтпай-ақ қояйын, бер жағын алайын. 



Ол менің намысыма тиді. Өз елімізде, жерімізде не болды мынау? Сіресіп қалған мұзды қалай да төңкеру керек. Бұл біздің ел, біздің Алматымыз емес пе? "АБК" – намыстан туған топ. Құрылды, бірінші клип түсірілді, әрі қарай маған Алла көмектесті. Бұл клип жарылыс жасады. Бүкіл рейтингтерде бірінші орындарда айлап, жылдап тұрды.
Жалпы идеологиялық кеңістігімізді кеңейту үшін мен амалдарды өте жақсы қолдандым", – деді Болманов.

Талқылау