Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болман: Қымбат адам өмірден өтіп кеткен соң өкінетін не деген топас пендеміз

Продюсер Қыдырәлі Болман өмірден өткен Кеңес Дүйсекеевті еске алды. Ауырып жатқан Мұхтар Шаханов пен Ескендір Хасанғалиевке шипа тіледі. 

"Еркелетіп жүретін қайран ағам. Алдыңғы айда бір барып, басымды иіп, неге сәлем беріп тұрмадым екен деп бармағымды тістеп отырмын. Қазаққа қымбат адам өтіп кеткен соң өкінетін не деген топас пендеміз. Толастап аққан көз жасымды тоқтата алмай Ескендір ағам аман ба екен деп жылап тұрса да жүрегім сыбырлап тұрғандай. 

Қазақ өнерінің бүгінгі тектілері - Кеңес Дүйсекеев, Ескендір Хасанғалиев, Мұхтар Шахановтарсыз қазақ өнерін елестету мүмкін бе? Киелі ошақтың үш қазығындай қасиеттілерімнің біреуі кетті. Ей, Алла, қалған екі ағамды сақтай тұршы. Панаңа алшы, мейірімді Алла. Орындарын толтырар ұлдар туғызатын азғантай ғана қазақты сақташы.

Қорған бол, ұлық Алла. Ей, құдіреті күшті Алла, өзіңнен басқа сенетін ешкіміміз жоқ. Өзіңе ғана тәуекел еттік. Жетімсіреп қалғандаймыз. Бақұл бол, Кеңес аға. Алла алдарыңыздан жарылқасын. Кең жүректі адам ағам, Алла Жәннатты нәсіп етсін!", - деп жазады Қыдырәлі Болман. 

"Қарапайымдылықты ту еткен дана кәсілер ғой. Иманды болсын", "Иманды болсын! Алла әр қазағыма жар болсыншы!", "Жақсы айттыңыз, аға! Біртуар дарынды тұлғаның жаны жәннатта болсын!", "Иманды болсын. Аллаһ алдынан жарылқасын", "Иманды болсын. Алла алдынан жарылқасын. Отбасына сабырлық берсін. Бізде Раббымызға қайтушыданбыз", - деп жұбатты желідегі оқырмандары. 

Талқылау