Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KiaGo үшінші автошеруі: Шығыс Қазақстан

28-29 шілде аралығында KiaGo “Қазақстанды таныңыз” атты үшінші автошеруі өтті. Блогерлер мен журналистерден құралған топ Kia автокөліктерін тізгіндеп, еліміздің ең әдемі жолымен өтіп, Шығыс Қазақстан облысының көрнекті жерлерін жаңа қырынан таныды.

Көптеген елдерде өзін құрметтейтін әрбір көлік жүргізушінің өтіп шығуға тиісті жолдары бар. Қазақстанда дәл сондай жолдардың бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолы. Табиғи сұлулыққа толы бұл жол Көктерек асуын, Қатон-Қарағай қорығын, Берел қорғанын және Бұқтарма су қоймасын қамтиды.

Қазақстандағы Kia брендінің ресми дистрибьютері, Allur компаниялар тобына кіретін Allur Motor Qazaqstan-ның ұйымдастыруымен өткізілген бұл автошерудің басты мақсаты - Республикамыздағы автотуризмді дамыту, туристтік жерлерді танымал ету және ішкі туризмнің мәдениетін арттыру. Еліміздің қайталанбас әдемілігіне, тарихи мұраға өзгеше көзбен қарап,табиғатқа ұқыпты қарауды ұмытпай, барымызды құрметтейтін қазақстандықтар саны артса екен дейміз.

Шерудің маршруты - Өскемен қаласында басталу алып, сол жерде өз мәресіне жетті. Ұзақтығы 1100 мың шақырым құрайтын әртүрлі жер беттерінен тұрды - автобанның тегіс бетонынан бастап, шоқалақ жолға дейін. Автошеру қатысушылары Kia көліктерін тестілеп, әр модельдің мінезін сезіне алды. Көліктер легі алты автодан құралды, олардың қатарында Sportage кроссоверінің жаңа буыны, K5, Seltos және Sorento болды. Осылайша бұл автошеру Қазақстанда автотуризммен айналысу үшін жол талғамайтын көліктің болғаны маңызды емес екенін дәлелдеді.

Автошеру барысында жаңа Kia Sportage көптің көңілін өзінің ерекше, футуристік келбетімен аулады, ал көлік жүргізушілері мен жолаушылар оның жайлылығына, толық жабдықталғанына, кеңдігіне және кроссоверге тән автомобиль өткіштігіне таңғалды. Автошеруге қозғалтқышы 2.5 құрайтын 8-сатылы “автомат” және толық жетекті нұсқалар қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанда моторы 2.0 (150 л.с.) және алдыңғы немесе толық жетекті 6-сатылы  АБҚ түрленімі қолжетімді.

Автошеру ұйымдастырушыларының айтуынша, бұндай саяхаттар табиғаттан ляззат алуға, қаладағы қарбалыстан, жұмыстан демалуға, жаңа жерлерді ашуға және өз-өзіңді сергек сезінуге көмектеседі. Бұл – нағыз шабыттандыратын қозғалыс.

“Қазақстанды таныңыз!” KiaGo автошеруін қолдаған серіктестер: Kazakh Tourism, Visit East Qazaqstan, Samal Water және Litro.

Талқылау