Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KIA автокөліктерінің ресми дилері клиенттерін қосымша жабдық сатып алуға мәжбүрлеп келген

Фото: depositphotos.com

Абай облысында KIA автокөліктерінің ресми дилері ILbers auto компаниясы клиенттеріне қосымша құрал-жабдық сатып алуды міндеттеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті компанияға нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдалану белгілері бойынша ескерту жасады. Автосалон жаңа жеңіл көліктерді сату кезінде қосымша құрал-жабдықтарды сатып алуды міндеттеп келген.

"Антимонополиялық орган Қазақстанның кәсіпкерлік кодексінде көзделген үстем жағдайды асыра пайдалану белгілерін анықтады. Бұл белгілер тұтынушыны қосымша міндеттемелерді қабылдауға мәжбүрлеу немесе шарттың мәніне қатысы жоқ, экономикалық немесе технологиялық жағынан негізделмеген талаптарды қою арқылы көрініс тапқан", – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, қазір бұзушылықтар жойылып, хабарлама орындалған.

Еске салсақ, бұған дейін Toyota-ның Қазақстандағы ресми дилеріне 88 миллион теңге айыппұл салынғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 21:33
Талқылау