Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтауда өрттен екі бала қайтыс болды

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды. Хромтаудағы өрттен Алан және Әлия атты екі бала көз жұмды. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз болған. Қайтыс болған балалардың әжесі бұған өрт сөндіру қызметкерлерін кінәлап отыр.

Оның айтуынша, кұтқарушылар оқиға орнына келгеніне бір сағат болса да, балаларды құтқаруға асықпаған. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Людмила Есекенова төрт жасар баласынан айырылды. Өзі жұмыс барысымен аудан орталығына баратын болғандықтан баласын туысы Анжеликаның үйіне қалдырып кеткен. Сол күні Анжеликаны да жұмысқа шақырып алып, ол өз қызы Әлия мен әпкесі Людмиланың баласын үйде жалғыз қалдыруға мәжбүр болған. Сағат 15:00 шамасында пәтерден түтін шыға бастады. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді қамтыған. Алайда, өртте қалған екі бала ауруханада көз жұмды.

«Менің ұлым төрт жаста болса да, үлкендер секілді ақылды болатын. Ол мүлде сіріңке жағып ойнамайтын. Өрттің қалай тұтанғанын білмеймін»,-дейді Аланның анасы Людмила.

«Олар біресе фонар іздеп, біресе киіну керек деп жүріп алды. Қараңғы ештеңе көрінбейді, жарық керек деп өздері де кірмей, не басқаларын кіргізген жоқ. Мен оларға кіріңдер десем: жоқ кіре алмаймыз деп тұрды»,-дейді балалардың әжесі.

Бұл оқиға туралы құтқарушылардан жауап алу мүмкін болмады. Полиция қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтауда.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда ер адам асылып қалды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты (видео)

ОҚО-да 7 жасар бала тоққа түсті: Дәрігерлер бір қолын кесіп тастауы мүмкін

Талқылау