Хит әндердің авторы ақын Бағдаулет Арыстан қызының 1-жас тойын дүркіретіп атап өтті (фото)
Кішкентай Бағым Бағдаулетқызының тұсауын күрестен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров кесті.
Ақын Бағдаулет Арыстанның қуанышына Stan.kz сайтының тілшісі де шақыртылған еді.
150 адамға дастархан жайған ақын тойға аса шығындалмадым дейді.Өйткені, тамада мен таспагерлер тіпті əншілер де тегін келген. Қонаққа келгендер арасында “Жігіттер” квартитетінің мүшесі Мырзахан мырза болды. Əннен шашу шашқан əнші басқа стильде келді. Сақал қойып, əн айтқан əнші сұхбат бермеді. Ауырып тұрған көрінеді.
Тойда тағы Əбжаппар Əлқожа өз отбасымен жүр. Нұржан Қалжан болса бір тайдың құнын ала келіпті.
Олимпиада чемпионынан бата алған Бағдаулет ақын үстіне қазақтың шапанын жауып, қолына алтын сақина тақты.
“Біздің Кеңес Одағы кезінде той деген болмаған. Бұл тұсау кесер тойы емес, ұлан асыр той болып жатыр. Қазақтың кеңпейілдігінен айырмасын Алла. Менің өмірімдегі сəттілікті осы балақайға бұйыртсын”,- деп ақ тілегін жаудырды Жақсылық атасы.
Оқи отырыңыз:
Димаш Қытайлық “Грэмми” сыйлығына үміткер атанды
Болашақ” студенті: Оқуға келіп шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қызғанамын
ОҚО-да 130 шөбересі бар әжей 100-ші көктемін билеп қарсы алды (фото)
Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)
Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды