Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург науқасқа айтпай бауырына қолтаңбасын қойған (фото)

Дәрігер ота жасау кезінде екі науастың бауырына қолтаңба қойып бергенін мойындады.

Сот отырысы кезінде 53 жастағы Саймон Брэмхолл өзінің кінәлі екенін айтты. Қылмыс 2013 жылдың 9 ақпанында жасалған. Дәрігер Елизавета ІІ патшайымның емханасында 12 жыл жұмыс істеген. Ол білікті маман ретінде танылған.

Хирург науқастың бауырына қолтаңба қалдыру үшін аргоноплазменді коагулятор қолданған. Бұл зиянды емес. Қолтаңба біраз уақыттан соң жойылып кетуі тиіс болған.

Алайда ота қайта жасалғанда дәрігер әріптесінің қолтаңбасын таныған. Емханада бұл жайлы белгілі болған соң Брэмхоллды жұмысынан қуды. 2014 жылы отставкаға кету туралы өтінішті дәрігердің өзі жазды.

Науқастың бірі айыпталушы дәрігерді жақтап шықты.

«Бауырға қолтаңбасын қойғанда тұрған не бар? Оның несі жаман? Маған солай жасаса, ренжімес едім. Ол мені аман алып қалған адам», – дейді науқастың бірі.

Дәрігерге қатысты сот шешімі 2018 жылдың 12 қаңтаында шығады.

Тағы оқыңыз:

Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Жаға ұстатқан видео: Қытайлық экстремалдың өлімі

Талқылау