“Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде үйсіз қалған отбасыға баспана алып бермек (видео)
Осы уақытқа дейін мұқтаж жандарға үш үй алып берген “Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға көмек көрсетпек. Қор өкілдері “1000 теңгеге баспана” акциясын Шығыс Қазақстанға бұруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Осы орайда “Өнер қырандары” әзіл-сықақ театры халыққа видео-үндеу жолдап, Аягөздегі қандастарымызға көмек қолын созуға шақырды.
“Осы қиын жағдайда xалық болып бірігіп, “жылу” беру дәстүрімізді жалғастырып, бір отбасына болса да қуаныш сыйлап, баспана алып берсек – ең сауапты іс болар еді. Сіздер осы бастаманы қолдайды деп сенеміз!
Алла баршаңызға разы болсын!” – деп бөлісті акцияны бастаушылар.
Тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созу үшін төмендегі постта көрсетілген реквизиттер арқылы ақша салуға болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қайырымдылық қоры Орал облысында бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға үй сыйлады
Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді
ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды
Балиева ОҚО-да “сексуалды зорлыққа” ұшыраған 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты