Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді

Неге, Әли – Оқапов, Мәди – Рымбаев? Екі түрлі текті еншілеген Халық әртісінің қос ұлына, бұл сұрақ жиі жолданады екен. Осы уақытқа дейін мұның себебін сыр қылып сақтап келген Роза ханымның тұңғышы, бұл жолы барлық құпияны ашуға әзір.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әли өмірінде үш рет фамилиясын ауыстырыпты. Алғашқысы Оқапов, екінші тегі Тасқынұлы, кейін әкесі бақилық болған сәтте құжатын Рымбаевқа өзгерткен.

“Саған көмек болады, мен әрқашан жаныңда жүрмеймін дегендей анам сондай шешім қабылады. Енді, қиын замандардың бәрі өтіп кеткен сияқты. Сондықтан, мен өз фамилиямды қайтып алсам, қарсы емессің бе дегендей ой жеткіздім. Әрине анам қарсы болған жоқ”, – дейді Әли.

Ал, төлқұжатына анасының тегін жазған Мәдидің таңдауын ағасы былайша түсіндіреді.

“Мен Рымбаев болған кезде Мәди де дүниеге келді. Сондықтан Мәди де автоматты түрде Рымбаев болып кетті бірден. Бізде күткенбіз мүмкін 16 жасында ол да ауыстыра ма дегендей. Өзі шешсін деп”, – дейді Оқапов.

Бірақ Роза ханымның кенжесі фамилиясын ауыстырмады! Мәди бүгінде Рымбаев тегімен тыңдарманына танымал.

Жіберіп алмаңыз: 

Димаштың ізімен: Қайрат Түнтеков Қытайда үлкен жобаға қатыспақ

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқандарын мәлімдеді

Айдана Меденова туған бауырларымен бірге марқұм анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау