Ханзу елінен Димашты қолдау үшін 300 қыз бірге ұшып келді
Ханзу еліндегі тыңдармандары Димашты қолдау үшін бірге ұшып келіп, ең қымбат орындардан билет сатып алған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Димаш Құдайбергеновтың шығармашылық кешіне әлемнің түкпір-түкпірінен тыңдармандары келіп жатыр. Әсіресе, көршілес Қытай елінен келушілер өте көп. Ханзу елінен келген тыңдармандары оның “Ұмытылмас күн” атты туындысын орындады.
“Біз Димаштың ертегі концертіне қолдау көрсету үшін келіп отырмыз. Димашты барлығымыз өте жақсы көреміз әрі талантына тәнтіміз”, – дейді тыңдарманы.
Аталған фан-ұжымның құрамына 300 адам кіреді. Димаштың концертіне олардың бірі қалмай келген. Қыздар құр алақан келмеген. Сыйға береміз деп дайындаған сыйларын қоса әкелген. Мұнымен қатар, олардың барлығы концертте Vip орындардан билет алған.
Жіберіп алмаңыз:
Әйкерім Қалаубаева балалар үйінің түлегіне 72 мың тұратын туфли сыйлады (видео)
Ақбота Сейтмағамбет марқұм анасының суретін көрсетті (фото)
Асхат Садырбай көп жылдан кейін ұлымен кездесті
Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)