Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Хан-Шатырға” келушілер жартылай жалаңаш қыздарды көріп шошыды (фото)

Көрме ұйымдастырушылары ерекше әдіспен француз суретшісі Жан-Франсуа Розьенің еңбектеріне назар аудартпақ болған.

1346090

Суреттер Facebook қолданушысы Карина Сеилованың парақшасынан алынды

Денелеріне сурет салынған жартылай жалаңаш қыздар сауда үйінді әрі-бері жүрді. Бұл жайғдай желіде наразылық тудырып, қызу талқыланды.

«Боди-арт стиліндегі арт-перфоманс – заманауи өнер туындысы. Бұл көрген жанды бейжай қалдырмай қоймайды. Бірі сын пікірін айтты, бірі түсіністікпен қарады. Әйтеуір, көпшіліктің назарынан тыс қалмады», – дейді көрме ұйымдастырушылары.

“Гипер Астана”  көрмесі 20 қаңтар күні болады. Көрермендер әлемге танылған суретшінің 30 эксклюэивті туындысын тамашалай алады.

1346225

“Гиперфото” жобасы 2002 жылы пайда болып, көрермен көңілінен шыққан еді. Суретшінің жұмыстары көптеген халықаралық институттарда, Лос-Анжелестегі Анненберг қорында, Мәскеудегі заманауи өнер мұражайында, Брюссельдегі мәдени-ботаникалық институтта, сонымен қатар Луи Виттон, Бернар Магрез, Версаль секілі топтамаларда бар.

Жан-Франсуа Розье жұмбақ сандық көріністерді сала отырып, адам көзқарасын дамыта түсетін туындыларын жасай алды. Версаль, Ыстанбұл, Барселона, Бразилия, Баку секілді қалалар оның шабыттануына арқау болған. Ал, 2016 жылы суретші Астанаға саяхат жасап, «Гипер Астана» атты экспозициясын жасауды ұйғарды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық «Барби» қыздың жалаңаш суреттері желіде дау туғызды (фото, видео)

Сырт келбетіңізге зияны зор 15 әдет

Елімізде жаңа үйлердегі пәтер бағасы арзандады

Талқылау