Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Пән бар, оқулық жоқ. Оқулықтың жылдағы бітпейтін жыры күннен-күнге ушығып барады. Әсіресе,  мектеп алды дайындық сыныптарына қатысты шу басылмай тұр. Сатып алу керек деген 18 түрлі кітаптың бағасын санап, шошынған ата-аналар, премьер – министрдің және жылда реформа ойлап тапқыш білім министрі Ерлан Сағадиевке «Халықты тонауды тоқтатыңыз» деп ашық хат жолдай бастады.

окулык

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Баласы биыл дайындық сыныбына барған Бақытгүл Молдашева сабақ басталғалы бері оқулық іздеп шаршадым дейді. Әу бастан-ақ оларға мектеп кітап берілмейді деп бірден ескертіпті. Тұрғын онсыз да күндері бір жалақыға қарап отырған қара халық үшін кітап сатып алу қиынға соғып тұр дейді. Өйткені баланы мектепке дайындауға оқулықтан бөлек киім – кешегі мен оқу –  құралдары тағы бар екенін айтады..

“Сатып алуымыз керекпіз. Жағдайы келетін адамға қиын, не то что жағдайы жоқ адам.  22 мыңға шығады деп жатыр. Әзірге міне 10 000 -ға таптық. Ақшамыз болса да таба алмай жатырмыз”, – дейді тұрғындардың бірі Бақытгүл Молдашева.

Биылғы жаңа бағдарламаға сәйкес дайындық сыныптарында барлығы 19 пән бойынша сабақ жүреді. Ал осы 19 пәнге керек кітаптарды қазіргі нарықтағы баға бойынша есептеп көрсек:

Мәселен  сауат ашу негіздері 1800 теңге тұрса, математикалық ұғымдарды қалыптастыру дәптері 2600 теңге тұрады. Одан кейін ағылшын тілі 2100 теңге, ал орыс тілі пәнінің құны 2800 теңге. Бұл тек оқулықтардың ең керек, басты дегендері ғана. Ал қалған 14 пәннің бағаларын есептей беріңіз.

Дегенмен қалалық білім бөлімдегілер ата -аналарды кітап сатып алуға міндеттемейміз дейді. Жағдайы болса алады, жағдайы жоқтар  дәптерді пайдалана алады екен. Бұл жөнінде барлық мектептерге ескерттік деп отыр.

Білім саласына жауаптылардың айтуынша, дайындық сыныптарына алынуға тиісті оқулықтар бюджетте қаралмаған. Сондықтан да оқулықта алу алмау әр ата ананың өз құзырында.

Жіберіп алмаңыз:

Тойхананың ақысына ақшасы жетпеген жігітті қалыңдығы сол жерде тастап кетті

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Қарағандыда 11 жасар баланы ұрып-соққан бұзақылар жазасыз қалды

Митингке шыққан үлескерлер қатаң күзеттегі ғимаратты басып кірді

Талқылау