Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды
Яғни Қазкомның 96,81 пайыз акциясы Халық банкінің иелігіне өтті. Оның 86,09 пайызы Кеңес Рақышовтан, 10,72 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан алынды, деп хабарлады КТК арнасы.
Банктер арасындағы сатып алу туралы келісім-шарт үш апта бұрын жасалған. Алайда, БТА-Банктің Қазкомерцбанк алдындағы қарызы және Кеңес Рақышевтің Нұржан Сұбханбердинге тиесілі «Орта-Азиялық инвестициялық компаниясынан» алған акциялары сынды кей қаржылық кедергілер екеуара шешімнің қабылдануын тежеген еді. Енді шарттар орындалғаннан кейін Халық банкі Қазкомның қаржысын 185 миллиард теңгеге көтеруді көздеп отыр. Айта кетейік, 3 шілдеде «Қазкомерцбанк» акционерлік қоғамының он басқарушысы жылы орнын босатқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Отандық сағаттар шығарған жас бизнесмен су, электр және адам ресурсын үнемдейтін жылыжай салуда
Елбасы: Адамдардың көңіл-күйі жақсы, өздерін қауіпсіз сезінеді
Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды
Мұхтар Әблязов Ұлыбританияда емін-еркін жүруі үшін ұлына миллиондап ақша аударған