Хадисте айтылған қастың құпиясын ғылым енді мойындады
Хадис қас пен бас ауруы арасында байланыс барын әрі қастың адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар екендігін айтуда.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде:
«Сіздерден қайсыбіріңіз май (крем) жаққысы келсе, алдымен қастарынан бастасын. Бұлай істесе бас ауруы қайтады. Қастар – адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар» деген екен (Хикам ән Қатада (р.а.), Рамуз әл хадис).
Пайғамбарымыздың айтқан медициналық мұғжизасын ол кезде елдің түсіне қоюы екіталай болатын. Өйткені ол үшін ана жатырындағы ұрықтың микроскоппен әбден зерттелуі керек еді.
Қазіргі таңда медицина факультетінде оқытылып жатқан проф. Док. Увейс Маскорға тән «Эмбриология» дәріс кітабының 207-бетінде былай жазылған:
«Ұрықтағы алғашқы қылдар эмбрионның Ч – кезеңінде біте бастайды. Ең алдымен қастар пайда болады».
Қазіргі медициналық жаңалықтар Пайғамбарымыздың айтқандарын кезегімен растауда.