Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Кеңес Рақышевпен, Мәсімовпен түскен суретін жариялады

Дағыстандық боксшы Хабиб Нұрмағамбетов Астанада болды. Осыдан кейін қазақстандық беделді кәсіпкерлермен түскен суретін жариялады.

UFC чемпионы суретті Инстаграм парақшасына жүктеді.

Суретте Нұрмағамбетов қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевпен бірге түскен. Рақышев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті.

Суреттен ҰҚК төрағасы Карим Мәсімовті көруге болады. Ол Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясын басқарады. Және онымен бірге бірінші орынбасары Самат Әбіш бар.

Кеңес Рақышевтің тағы бір міндеті – швейцарлық-израильдік Sirin Labs компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Қараша айында әлемдегі алғашқы блокчейн-смартфонның тқсаукесері болды. Осыдан кейін Лондонда Finney гаджеттер дүкенінің ашылуы өтті.

Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамбетов Қазақстанға жасырын келіп, балалар үйін аралады. Тәрбиеленушілермен сөйлесіп, көңілін көтерді. Оларды спортпен айналысуға шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау