Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді мақтауын асырды (видео)

Ринат Зайытов Димаш Құдайбергенді мақтап, бір шумақ өлең арнады. Ақынның бұл жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Осы жазбадан кейін мен жайлы әңгімелер қалай өрбитінін жақсы білемін! Бірақ, әрбір әрекет өзінің шынайы бағасын алу керек! Бұл менің ұстанымым. Ендеше Димаш қаптаған қара қытайға жем болады-ау деп айқайлаған ауызымыз, АҚШ тың төрінен домбыраны көргенде АЛАҚАЙ деп айта алмаса әдірәм қалсын. Димаш тарихи ерлік жасады. Бұл-Ақиқат. Жарайсың! Ұзағынан болғай! Даламның сыр шерткендей өткенінен Жеткізіп "шіркінайын" "әттеңімен" Домбыраны биікке көтергендер Тарихтың түспеу керек қақ төрінен!!!!

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)

"Даламның сыр шерткендей өткенінен
Жеткізіп "шіркінайын" "әттеңімен"
Домбыраны биікке көтергендер
Тарихтың түспеу керек қақ төрінен", - деп жырлады айтыскер. 

Кезінде Димашқа сын айтып "сен секілді әншілерден қорқам" деген ақын бүгін мақтауын асырды. Домбыраны АҚШ-тың төрінде дүмбірлеткен Димашты көкке көтерді. 

"Осы жазбамнан кейін небір сын-пікірлер жазылатынын білем. Бұған дейін Димаш қара қытайдың арбауын түседі деп келгеніммен, АҚШ төрінде қазақтың домбырасын күмбірлеткенін көріп қолдамауға болмайды. Димаш тарихи ерлік жасады. Оны мойындау керек. Менің ұстамымым осындай", - деді Зайытов парақшасында.

Желі қолданушыларының бір тобы ақынды қолдаса, енді бірі қарсы пікір азды. 

"Кезінде сын айтып Димашты мойындамаған еді, енді басқаша айтады", "Димаш қалай болса да өзін дәлелдеді", "Мойындаған да ерлік, сіз де пендесіз, сіз де қателесесіз", "Жарайсыз! Қазақ бауырлар бір-бірімізді қолдап жүрейік", - деді желідегілер. 

Тағы оқыңыз: Тыңдармандар көзіне жас алды: Димаш концертімен Америка жұртын аузына қаратты

Талқылау