Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезекші сыныпқа оқушы қабылдау үшін мектеп директорлары пара алады: Министрлік түсіндірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі кезекші сыныптарға қабылдау кезінде мектеп директорлары пайда таба ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймағамбетов мектептегі кезекші сыныптарға қабылдау кезінде бір сыныптағы барлық оқушының ата-анасы өтініш беретін болса, мектеп оларды кіші топтарға бөліп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек екенін айтты. Ал мектеп директорларының пара алу мәселесі бұл кезде туындамауы керек екенін жеткізді.

"Біздің номативті құқықтық актілерде оқушыны мектепке жіберу ата-аналардың құзіреттілігінде екені нақты айтылады. Егер ата-ана баласының кезекші сыныпта оқығысы келетінін айтып, өтініш жазатын болса, білім беру мекемесінің мүмкіндігі болатын болса, бұл өтінішті қабылдауға міндетті. Егер бір сыныптың барлық оқушысы кезекші сыныпта оқығысы келетін болса, оларға мүмкіндік қарастырылатын болады. Бірақ қазіргі таңда ата-аналардың басым бөлігі балаларын онлайн оқытуға ниет білдіріп отыр", - дейді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мектептегі қауіпсіздік шараларына кімнің жауапты екенін айтты.

"Санитарлық талаптарға мектепте жауапты адам болады. Бірақ санитарлық талап нақты кімге қойылатынына мән беру керек. Әр маманның жауап беретін өзіндік саласы болатын болады", - дейді Есмағамбетова. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 27 Тамыз, 2020 12:49
Талқылау