Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезекші кінәлі ме? Шамалғандағы апатқа қатысты сот отырысы басталды

Шамалған стансасындағы автобус пен пойыз апатына қатысты іс бойынша басты сот отырысы басталды. Тергеу қортындысына қарағанда теміржол өткеліндегі кезекші кінәлі деп танылған. Егер айыбы дәлелденсе, 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша жол апатына кінәлі деп танылған теміржол өткеліндегі кезекші пойыздың жақындағанын біле тұра, бастапқыда автобус өткелден өтіп үлгереді деген көзқараста болыпты. Бірақ іс насырға шабатын болғандықтан шұғыл әрекет етуге талпынған. Алайда апаттың алдын алып үлгере алмаған.

“Ахметжанов Досбатыр 1960 жылы туған. Орындайтын жұмысына және атқаратын лауазымына байланысты осы қағидаларды сақтауға міндетті адам бола тұра теміржол көлігінің қауіпсіз қозғалысы ережесін бұзды. Бұл абайсызда адам өліміне және адам денсаулығына ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіруге содай-ақ ірі залал келтіруге әкеп соқты. Демек ол ҚР ҚК 344 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған”, - деді айыпталушы Самат Шамов. 

Куәгерлер автобус өткелге таяған кезде шлагбауымның ашық болғанын айтады. Кептеліс болғандықтан автобус 10-15 минутта жарты метрден қозғалған көрінеді. Пойыз әбден таяғанға дейін ешқандай дабыл белгілерін естімегендерін айтады. Пойыздың дауысы шыққанда жолаушылар жанұшыра сыртқа шыуға ұмтылған.

“Есік қанша уақыт екенін білмеймін ашылмады да автобустың есігі. Одан кейін қашып шығып үлгердік бәріміз. Енді алдыма кішкентай қыз келіп қалды. Соны алып шықтым да, переезге шығардым да, өзім де қаштым”, - деді куәгер.

Дәл осы кезде келіп локомотив автобусты бүйірінен соғып, барып әрең тоқтаған. Ал "Қазақстан темір жолы" компаниясының өкілдері тергеу қортындысымен келіспейді. Өткелдегі кезекші заңға сай әрекет еткенін айтады. Арнайы комиссия да "кезекшінің әрекеті дұрыс" деген қорытындыға келіпті. Жол көлік апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Пойыздың тежегішті басқаннан соғылғанға дейінгі қашықтық 700 метрге жуық екен.

“Тоқтап қалғанын көріп тұр ғой бізде қоршау түймесі деген бар. Оны басса бағдаршам қызыл жанады. Сол пломбасын жұлады. Ілгегін артқа лақтырады. Түймені басады. Оған тағы 5 секунд кетеді. Ол кезде пойыз жүріп келе жатады. Пойыздың жылдамдығы 97 шақырым. Мен білмеймін неге екенін ол сол жылдамдықпен жүре береді. Бұл сол кезде алдына жүгіріп шығады”, - деді ҚТЖ жол қашықтығының басшысы Сұлтан Боранбаев.

Айыпталушының қорғаушысы да кезекшінің әрекетінде заңға қайшы дүние болмағанын айтып, оны босату туралы сотқа өтініш беретінін жеткізді.

“Прокуратура жасалған мамандардың, куәлардың айтуы бойынша бұл жерде сонымен де Қазақ Тынышбаев атындағы коммуникация және байланыс академиясының берген бір топ оқымыстылары профессорларының берген қорытындысы бойынша Ахметжановтың жасаған әрекеті Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде дұрыс”, - деді сотталушының қорғаушысы Шамиян Жайылханов. 

Егер теміржол өткеліндегі жол-көлік апаты кезекшінің кінәсінен болғаны дәлелденітін болса, 60 жастағы Досбатыр Ахметжанов алдағы жеті жылын темір торда өткізуі мүмкін. Онымен қоса тараптарға келтірген 10 миллион теңге шығын көлемін де өтеуге міндеттелуі ықтимал.

Талқылау