Кезекке таласқан: Маңғыстау облысында ер адамдар автогаз құю станциясында төбелес шығарған
Маңғыстау облысында автогаз құю станциясының жанында төбелес болып, оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 желтоқсанда Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ұрыстың себебі - сұйытылған мұнай газына кезек.
Бұл нұсқаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Бейнежазбаны зерттегеннен кейін барлық қатысушылар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді.
Дегенмен жанжалға қатысушылардың бір-біріне шағымы болмады.
Аталған факті бойынша ауруханаға да өтініштер түскен жоқ.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді