Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанармайға кезек бір шақырымға созылады: Алматыда бекеттердің жоқтығынан автобустар кестесі бұзылды

Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі автобустардың ұзын-сонар кезегі пайда болған. Мұның себебін шенеуніктер түсіндірді. Алты жанармай құю бекетінің қазір үшеуі ғана жұмыс істеп тұр және олар бір күнде бүкіл автопаркке дер кезінде қызмет көрсете алмай жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жанармай алу үшін жүргізушілер күн сайын үлкен даңғылдардың жиегіне кезекке тұрып жатыр. 

Алматылықтар қалалық автобустардағы мұндай жағдай бірінші рет қайталанып отырған жоқ дейді. Кейде техникалық қызметкер жанармай құю бекетіне күніне екі рет келеді. Бұл ретте кезек бір шақырымға дейін созылады. Көптеген жүргізушілер бірнеше сағат күтеді. Соның кесірінен олардың жұмыс кестесі бұзылады дейді жүргізушілер. Соның салдарынан жолаушылар зардап шегеді, кейде автобусты сағаттап күтуге тура келеді.

Жақын арада жанармай құю бекеттеріндегі мәселені шешуге шенеуніктер уәде берді. Келесі айда екі станцияны пайдалануға беру жоспарлануда. Содан кейін кестені қалпына келтіруге мүмкін болады деп отыр.

"Бүгінгі күні әкімдік екі жаңа жанармай құю бекетін салуды жоспарлап отырған жер телімдерін бөлді. Бұл стансалар жеткілікті қуаттылықпен салынады. Біз олардың құрылысын 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы жетекшісі Абылайхан Омархан. 


Алматыда оқушылар енді мектеп автобустарымен қамтамасыз етіледі

Талқылау