"Кездесіп жүргенде уәде бергенмін": Қыран Талапбек әйелінің туған күніне көлік сыйлады
Танымал мобилограф Қыран Талапбек әйелі, актриса Гүлзада Тұрлашқа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы әйеліне Mercedes-Benz G-класс көлігін сыйлаған.
“Туған күнің құтты болсын, махаббатым! Кездесіп жүргенде оған 'гелик' сыйлаймын деп уәде бергем. Айттым – орындадым, – деп жазды Қыран Талапбек.
-
"Аяғыңа түкіртіп ал": Танымал мобилограф Қыран Талапбек футболшы Роналдиньомен кездесті
-
"Лайық емеспін": Қыран Талапбек "Құрмет" орденіне қатысты пікір білдірді
Желі қолданушылары екі жасқа өз тілектерін жаудырды.
"Бізге де жұғысты болсын", "Құтты болсын! Берекелі, мерекелі көлік болсын", “Қыранды дуалап алған”, “Күйеуден жолы болған”, "Керемет", – деп жазды желідегі оқырмандары.
Еске салайық, Қыран Талапбектің видеосын Моңғолия президенті бөліскенін жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"