"Аяғыңа түкіртіп ал": Танымал мобилограф Қыран Талапбек футболшы Роналдиньомен кездесті
Танымал мобилограф, кәсіпкер Қыран Талапбек бразилиялық футболшы Роналдиньомен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kyran_talapbek/
Қыран Талапбек Дубайға іс-сапармен кеткен еді.
“Балалық шағымның аңыз адамы. Израилдегі соғысты қолдайды дегендерге айтарым: Ол аузын жапса, бәрі тоқтап, соғыс бітіп қала ма?”, – деп жазды мобилограф.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, аңыз адаммен жолыққан желі жұлдызын “бақытты адамға” теңеп жатыр.
“Жолы болғыш жігіт екенсің”, “Бізді футболға ғашық еткен еді”, “Сенің де еліңде аңыз адам екеніңді білсін”, “Аяғыңа түкіртіп ал, еліміздің футболы дамып кетсін”, “Келесі аялдама – Трамппен жолығу”, “Шынымен жолыққан ба, шок болып тұрмын”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, әйгілі футболшы бірден екі қызға үйленгенін жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады