Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелекомның" "TV+" қызметінің қолданыс аясы кеңеюде

Бүгінгі таңда желі тұтынушылары дәстүрлі телевизиядан цифрлық қызметтерге белсенді көшуде. Мәселен "Қазақтелекомның" цифрлық теледидар қызметі қосымшасы жыл басынан 100 мыңнан аса жүктелген. Ал App Store мен Google Play нарығында қолданба іске қосылғалы бері оны жүктеп алушылар саны 700 мыңнан асқан. Компания мамандары бұл көрсеткіштерді желілік инфрақұрылымды дамытудағы еңбектің жемісі деп санайды.

Жаңа ғимараттарда заманауи қызметтер "оптикаға" қосылған соң “Қазақтелекомның” деректерді беру жылдамдығы 500 МБ/с дейін жететін ғаламторы мен теледидары барша пайдаланушыға қолжетімді болады. Осыған байланысты қазір ескірген мыс желілері ескірген мыс желілері оптикаға ауыстырылып, барлық өңірлерде абоненттік базаны жүйелеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жаңа технологиялардың ерекшелігі де сонда, олар тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтердің толық түрімен "TV+" сандық теледидарын алуға мүмкіндік береді.

Қазір компанияда 500 000-нан астам iDTV теледидар пайдаланушылары тіркелген. Олар желіні жаңғырту аясында жаңа цифрлық қызметке ауыса алады. “Қазақтелеком” АҚ “Желі” бірлестігі” дивизонының Сапа жөніндегі директоры Шыңғыс Құсқамбасов жаңа желілердің құрылысы мен клиенттік базаның мыстан "оптикаға" ауысуы "Қазақтелекомның" цифрлық қызметтерін жақсартатынына сенімді. Айтуынша осы тұста “TV+” қызметін пайдаланушылар саны да арта түспек.

“Мыс желілерін алып тастау қызмет көрсету сапасын жақсартады. Тұтынушылардың жаңа өніммен танысуына мүмкіндік береді. Сондықтан бұл цифрлық платформалардың қолданысын арттыруда ерекше маңызға ие", – деді Шыңғыс Құсқамбасов.

“TV+” цифрлық платформасына ауысқан оралдық тұтынушы Әлішер Қаландаров болса "Қазақтелеком" қызметтері мен кабельдік телевидениесін осымен 8 жылдан астам уақыт тұтынып келген екен. Ол компания қызметтерін пайдаланудың ыңғайлылығына әбден көзі жеткенін айтады.

“Өткен айдың соңында "TV+" тұсаукесерінен соң “Екеуі біреуінде” тарифтік нұсқасын таңдадым. Мұнда ғаламтор мен "TV+" пакеттік ұсыныcы болды. Осылайша байланыстың қаншалықты тиімді бола бастағанын бірден байқадым. Мәселен теледидардағы бейнелердің анықтығы өте тамаша көрінеді. Сапаны айтпағанда HD форматындағы балаларға арналған, музыкалық, деректі фильмдер секілді алуан түрлі жанрдағы арналарды көру мүмкіндігі мені қуантты. Енді, міне, әр кешімізді отбасымызбен бірге сүйікті бағдарламаларымызды тамашалап өткіземіз", – деді Әлішер Қаландаров.

Компания мамандары қазір модернизациялау аясында оптикалық желілер кезең-кезеңімен салынса “TV+” пайдаланушыларының саны одан әрі артатынын болжап отыр.

Орташа есеппен теледидар қосымшасы айына 40 мыңнан астам рет жүктелген. Соның ішінде ең көп тұтынған, 88% Android пайдаланушылары көш бастап тұр.

"Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің Өнімдерді әзірлеу және енгізу департаментінің директоры Анара Ахметова цифрлық теледидардың артықшылығы көп екенін айтады.

“Цифрлық теледидардың дәстүрлі теледидардан артықшылығы мұнда мазмұнның кең ауқымы бар. Оның үстіне хабар тарату кестесіне қарамай-ақ кез келген гаджеттен ыңғайлы уақытта бағдарламалар мен фильмдерге қол жеткізуге болады. Сондай-ақ ешқандай жарнаманың мазаны алмауы өте тиімді тұс", –  деді маман.

2021 жылы компания басшысы Қуанышбек Есекеев компанияның “TV+” контент-платформасын құруы туралы хабарлаған болатын. Осылайша "Қазақтелеком" телевидение бағытында “TV+” жүйесі арқылы жаңа кезеңге көшті. Себебі осыдан 15 жыл бұрын алғаш рет байланыс операторында iDTV брендімен теледидар қызметі қосылған болатын. Ол кезде Megaline абоненттері арнайы приставкалар (STB) жабдығы арқылы желі мен теледидардың қолжетімді қызметтер пакетіне жазыла алатын. Бұл құрылғы сандық теледидар сигналын қабылдауға және оны кейіннен теледидар экрандарында көрсету үшін аналогқа декодтау мүмкіндігін игеретін. Енді міне оптикалық технологиялар дамып, смарт теледидарлар пайда болған соң өнімді жаңарту қажеттілігі туындады.

Қазір компанияның әрбір клиенті цифрлық платформаның әлеуетін өз бетінше бағалай алады. Мамыр айының соңына дейін қызмет жаңа пайдаланушылар үшін науқандық қолжетімді бағамен 30 күнге 10 теңгеден болмақ. Осы уақыт аралығында тұтынушы 150 телеарна мен Megogo платформасындағы кинотеканы, "Сделано в KZ" отандық контенттер хитін тамашалап сынап көре алады. Науқан туралы қосымша ақпаратты компанияның www.telecom.kz ресми сайтынан білуге болады.