Кейіпкерлері көз жұмардан санаулы секунд бұрын ғана түсірілген суреттер (фото)
Джон Леннон өзін өлтіретін адамға қолтаңба беріп тұр, ал қаннен қаперсіз әке мен бала суретке түсіп жатыр…жас қыз болса өзінің өлімінен минут уақыт бұрын ғана селфи жасауда. Артында қайғылы тарихы бар суреттер ұсынылады.
Найзағай соққысы
Мэри Маккуикен өзінің бауырлары Майкл мен Шонаны суретке түсіріп бола салысымен екі секундтан соң найзағай соғады. Сьерра-Невада штатында қыдырып жүрген үшеуінен тек Майкл (оң жақта) ғана аман қалған.
Джон Леннон
Бұл сурет 1980 жылы 8 желтоқсанда түсірілген. Джон Леннон санаулы сәттерден соң өзін өлтіретін Марк Дэвид Чепменге қолтаңба беріп жатыр. Бастапқыда Чепмен “Битлздің” фанаты болған. Одан соң діни фанатқа айналған ол, сүйікті тобынан теріс айналады. Ол Леннонның “Битлз” Иисустан да танымал” деген сөзіне қатты ашуланған.
Леннон өзінің пәтерінен шығып, дыбыс жазу студиясына бет алған кезде оны тоқтатып, қолтаңба сұрайды. Ештеңеден күдіктенбеген музыкант пластинкаға қолын қойып, әрі қарай кете береді. Бірнеше сағаттан соң Леннон студиядан келе жатқан кезде, оны көрген Чепмен “Әй мистер Леннон!” деп айқай салып, одан соң бірден бес мәрте оқ атқан. Оқиға орынына полиция келген кезде қылмыскер сол жерде отырған.
Клоун Пого
Бір қарағанда жәй ғана клоун сияқты. Алайда оның бетпердесінің артында атақты қылмыскер, адам зорлағыш Джон Уэйн Гейси жасырынып тұр. “Адам өлтіргіш клоун” деген атақ алған ол 33 адамды өлтіріп, зорлаған.
9 жасқа келген кезінде Джонның өзі педофилдің құрбаны болады. Ол өсе келе отбасын асырау үшін мерекелік кештерде клоун болып табыс табады. Оған арналып бірнеше кино да түсірілген.
Мектептегі сурет
Бұл да әдеттегі мектеп тарихындағы сурет болып көрінеді. Бірақ, анықтап қарасаңыз сол жақ жоғарғы бұрышта камераға тапанша кезеніп тұрған екі жасөспірімді көруге болады. Бұлар Эрик Харрис пен Дилан Клеболд 1999 жылы “Колумбия” мектебінде жаппай атыс жасады. Атыс кезінде олар 37 адамды жаралап (оның 13-і қаза тапқан), одан соң өздерін атқан.
Көпір үстінде өзіне қол жұмсау
Ухандағы Янцзы өзеніне орнатылған көпір үстінде тұманды түсіріп тұрған газет тілшісі, фотоға қарап суретте көпірден құлаған ер адам және бірнеше секундтан соң оның қызының секіріп кеткенін байқайды. Өкінішке қарай Қытайда мұндай жағдай жиі қайталанады екен.
Омадағы террорлық жағдай
Әкесі мен баласының бұл суреті Солтүстік Ирландияда 1998 жылы 15 тамызда түсірілген. Суреттен соң бірден жарылғыш зат тиеген қызыл көлік 29 адамның өмірін жалмап, 220 адамды жаралаған. Бұл жарылысты кейін Жасанды Ирландиялық республикалық армия деп аталатын террорлық ұйым өз мойнына алды. Ал суреттегі ер адам мен қыз ғажайыптың күшімен аман қалған.
Селфи
17 жастағы ресейлік Ксения Игнатьева Санкт-Петербургтегі көпір үстінде 10 метрлік биіктікте селфи жасайды. Алайда межелі биіктікке шыққанымен, тепе-теңдік сақтай алмаған қыз төмен қарай құлап кеткен. Электр кабеліне келіп құлаған қызды ұрған ток оны көпірден ұшырып жібереді. Кейінірек полицейлер Ксенияның денесін тапты.