Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейде үйде жалаңаш жүргің келеді": Жания Джуринскаяның күйеуі ата-енеден бөлек тұрғанды құптады

Актриса Жәния Джуринскаяның күйеуі Данияр Хизметов ата-анасы бар жас отбасының өмірі туралы айтып берді. Ол жас жұбайлардың жеке шекаралары жиі бұзылатынын мәлімдеді.

Данияр Instagram желісінде үнемі өзекті тақырыпты қозғауды жөн көреді. Бұл жолы блогер жас отбасылардың ата-анадан бөлек тұруы туралы айтты. 

"Кіші ұлдар әке-шешелерімен бірге тұруы керек дегенге келсек, бұл шығыс мәдениетінен көбірек болса керек. Менің ойымша, бұл дұрыс, тамаша, салт-дәстүрді сақтау керек. Бірақ, өкінішке қарай, бізде жеке тұлға деген ұғым болған емес. Жеке шекара  құрметтелмейді, бұзылады және, әдетте, балаларының отбасына араласатын ата-аналар бар. Әрине, олар өз баласына тек жақсылықты қалайды, бірақ үйге келген адамды да ұмытпау керек. Ол да біреудің баласы", – деді.

Хизметов жас отбасында жиі кездесетін мәселеге де тоқталды.

Ер адам не анасының жағына шыға алмай, не әйелінің жағына шыға алмай қалады. Мен әрқашан сөйлесуге дайынмын. Жай ғана сабырлы, эмоциясыз дастархан басына отырыңыз, жағдайды айтып, қандай да бір ымыраға келіңіз", - деп қосты Данияр.

Жанияның күйеуінің айтуынша, жеке шекараны бұзбау үшін бөлек тұру керек.

"Әр отбасы бөлек тұруы керек. Бірақ соған қарамастан, ешкім бір-біріне қонаққа келуге тыйым салмайды. Сондықтан, солай. Кейде жалаңаш, шорты киіп, кейде пәтерде жүргің келеді. Бірақ ата-анаң тірі бар кезде бұлай істей алмайсыз", - деді ол.


"Үлкен қызым сол үшін араласпай кетті": Абай Бегей әйелі қайтыс болған соң балаларынан жасырын үйленгенін айтты

Талқылау