Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы ақпаратқа жауап берді

Фото: freepik.com

Орташа табыс деңгейінен жоғары кірісі бар көпбалалы аналар жеңілдіктерінен айырылуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, көпбалалы аналар мен отбасыларға арналған барлық конституциялық кепілдік сақталады. 

"Көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен жасалатын барлық төлем бұрынғыдай жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады", – деді Жақыпова.

Министр "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдарымен, "Батыр Ана" атағымен және I және II дәрежелі аналық даңқ ордендерімен марапатталған әйелдер көпбалалы ана ретінде өмір бойы төлем алатынын атап өтті. 

Жергілікті биліктен берілетін жеңілдіктерге (тегін тамақтану немесе басқа әлеуметтік қолдау түрлері) қатысты шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. 

"Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмектерге қатысты мәселелер әкімдіктердің құзыретінде", – деді министр. 

Еске салсақ, бұған дейін кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 21:22
Талқылау