Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі
Фото: Іnstagram.com/enpf.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанына өзгерістер енгізді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан) зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
“Осы тетікті іске асыру Ерікті зейнетақы жарналар бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының алдын алып, зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.
Жоба "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Ерікті зейнетақы жарналары – бұл салымшылардың өз бастамасымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын қаражаты. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар басқа біреудің пайдасына аудара алады. Бұл ретте ерікті зейнетақы жарналарын төлеу мөлшері мен мерзімділігін жеке немесе заңды тұлға өзі белгілейді.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
