Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейбір есалаңдар есімдерін өзгертті": Айгүл Елшібаева дін мен дәстүрді шатастырғандарға шүйлікті

Танымал дәстүрлі әнші, термеші, “Дарын” сыйлығының иегері Айгүл Елшібаева қоғамда дәстүрлі емес діндердің жайлағанын айтып дабыл қақты. Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, діннің кең етек алып, салт-дәстүрден ажырап бара жатқанын еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қоғамдағы келеңсіз оқиғаларға өткір пікір білдіріп жүр. 

“Уахап-салафиттер келгелі дәстүріміз бен салтымызға жаңа сөздер қосылды. “Ассалаумағалейкүм” деп амандасатын қазақ “ассаламуалейкум” деп арабша амандасатын болды. Хиджаб, ақиқа, махр, хадия сөздерін енгізді. Қазақы есімдері Әзіретәлі, Мұхамбетәлі – Азретали, Мухаммадали болды. Бәтима  – Фатима, Қадиша – Хадиша болды. Кейбір есеалаңдар өз аттарын өзгертіп, мені Айша, Хадиша деңдер деп жаңалық ашты. Қазақтың салт-дәстүріндегі қазақтың шілдехана, орамал жаулық, сыйлық деген сөздерін туғалы естімегендей, “гламурный” уахап-салафиттендіруге атсалысқан қазақтар хиджаб, ақиқа, махр, хадия деп, желіде туғалы тілін-дәстүрін сақтаған қазақтармен, қалайда арабтың салт- дәстүрін енгізуге атсалысып желіде бет жұлысты. Бұл желідегі ең алғаш шайқас, 2010 жылы фейсбук желісінде айқын көрінді.

Сондай-ақ дәстүрлі әнші Құран сөзін де келтіріп, адаспауға шақырды.
“Алла тағала біздің ұлттты қазақ қылып жаратқасын, сан ғасырлық тарихы бар, біз қазақ деген мұсылманбыз елміз. Дініміз – ислам, тілімізде – кәлима, жүрегімізде – иман. Жүзіміз Қағбаға қараған мұсылман қазақ, өз ұлтыңның тілін, салт-дәстүрін бағала. Ол қазақтан басқа ешқандай ұлтқа қажеті жоқ.
Құранда Алла тағала: “Сендерді ұлт пен ұлысқа бөлдік” деген. Ендеше, өз ұлтыңның қадір-қасиетін тілінен, салт-дәстүрінен, тарихынан, жырынан, әнінен, күйінен, шежіресінен, әдебиетінен табасың”, – деп жазды әнші. 

 

Талқылау