"Кеудесінен итерген жоқпыз": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне тіл тигізген оқырманына ескерту жасады
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінен оқырмандары келіні Жұлдыз және оның ата-анасымен неге араласпайтындарын сұрады. Тіпті тойға да келмегенін жазды.
“Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ. Нағыз бай-бағлан болыпсыңдар. Жұлдыз бен кішкентай Рабия қайда?! Сол екеуі де торттан ауыз тимей ме?! Әулеттің үлкендерінің осындай іс-әрекеті дұрыс па”, – деп сұрады продюсердің оқырманы.
Өз кезегінде Гүлзира Үсенқызы оқырмандарын алаңдатқан сауалға жауап берді.
Жұлдыз жаңа босанған жоқ па?! Келсе біз кеудесінен итерер ме едік, бұл не сұрақ?! Сосын біреудің отбасында не шатақтарыңыз бар, әр адамның өз қалауы бар емес пе?! Сіз менің ұрпағыма менен еш жақын емессіз, сізге қажеті де жоқ”, – деп ашуланды продюсер.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп өткізген еді.
“Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын! Саған үйленгеніме өкінген емеспін” деп ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің бүгін – туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!, – деп жазды туған күн иесінің әйелі.

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
