Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудең ашық тұрсын": Астанадағы хостел иесі зорламақшы болды деген қазақстандық жанайқайын айтты

Астанадағы хостел иесі зорламақшы болды деген қазақстандық жанайқайын айтты

Фото: Жәбірленуші/Хостел иесі

Елордадағы “Еркежан” тұрғын үй кешеніндегі хостелде түн ортасында бұрымдыны бөлмеден күштеп қуып жатқан видео тарады. Бейнетаспада бойжеткенге дауыс көтере сөйлеген ер адам ұялы телефонын жұлып алып, өзін далаға қуып шығады. Астаналық бойжеткен видеодағы ер адамның хостел иесі екенін және одан зәбір көргенін айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қыздың айтуынша, ер адамның өзіне сексуалды сипаттағы қысым көрсеткен. Сондай-ақ кәсіпкер бұл әрекетін бірнеше рет қайталағанын айтты.

“Қолынан ұстап, эмоцияға беріле осы біздің “Еркежаннан” шығаруға тура келді 1-ші қабатқа. Өйткені 8-қабатта болды. Секіріп кете ме деген қорқыныштар болды. Сосын біз оны 1-қабатқа түсірдік, соған байланысты соттың шешімі шықты. Себебі оны тек соттың шешімімен ғана шығаруға болады адамды. Соған байланысты 78 мың теңге айыппұл салды. Бұл 1-2 ай бұрын болған оқиға”, – дейді хостел иесі Жеңіс Қыдыров.

Ал жәбірленуші қыз кәсіпкердің өзінің қорғансыз күйін пайдаланып, қорлап қана қоймай, бірнеше мәрте зорламақшы болғанын айтты.

“Өзі шешіне бастайды. Сосын менің көйлегімді тартып жыртып тастайды. Ағай жіберіңізші десем де, қоймайды. Зорламақшы болды. Мен бұрышқа тығылып жылап отырдым, ол шешінді де жасайтынын жасап, өзі киініп кетіп қалды....Кеудең ашық тұрсын, аяғың ашық тұрсын, қазір мен істейтінімді істеймін де, кете беремін дейді”, – деді жәбірленуші. 

Бұрымды бұл туралы полицияға бірнеше рет шағымданған. Алайда бір айдан астам уақыт өтсе де, іс қозғалғалмапты. Ал хостелдің иесі ар-намысына тиген сөздерді толық жоққа шығарып отыр.

“Ондай ешқандай не болмаған. Егер дәлелдері болатын болса, келтірсін. Бұған дейін де жазуға мүмкіншілігі болды ғой. Жұмыстан шыққаннан кейін біздің бизнеске қастандық жасап жатыр деп ойлаймын”, – дейді Жеңіс Қыдыров.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 09:10
Талқылау