Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты

Полицей көлігімен қағып мерт болған Мақсат Оспановтың туыстары оның көз жұмар алдындағы әрекетін баяндап берді.

Мақсат отбасындаға жалғыз бала еді. Әпкесі Толқынның айтуынша, Мақсат сол күні досының туған күнінен бармақ болған, деп жазады «Алау».

Кетерінде өте көңілді жүріпті. Анасын қатты қысып құшақтап, бетінен сүйген. Жақындары Мақсаттың бұрын-соңды олай істегенін көрген емес. Әпкесінің айтуынша, інісі көз жұмарын алдын ала сезіп бәрімен қоштасқандай болған.

Марқұм жігіт келесі жылы үйленуді жоспарлаған екен. Бұл жайлы ата-анасына да айтып жүрген.

Туыстары Мақсаттың өліміне кінәлі жанды жазалауды талап етуде.

Айта кетейік, 1 қазан күні полицей көлігімен 23 жастағы жігітті қағып кеткен еді. Жігіт сол жерде жан тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда жақын арада полицейлердің жалақысы көтеріледі

Қызылордада жезөкшелердің қызмет ақысы қымбаттады

Президент саябағында адам қағып өлтірген 19 жастағы қызға сот үкімі шықты

Талқылау