"Кешірім сұраймын": Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекетіне қатысты пікір білдірді
Қазақстанға белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов ұлының заңгерлер отбасын соққыға жыққан оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

фото: inform.kz
"Ақпанның 11-іне қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазды Дәулет Тұрлыханов Instagram-парақшасында.
Еске салсақ, Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Онда жігіттің қызға қол көтеріп жатқанда араша болған адвокаттарға да шабуыл жасағаны белгілі болды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді