Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кешірім болмауы керек": Қайрат Нұртастың әкесі ар-намысқа тиетін жазба қалдырған қарағандылық кәсіпкерді қатаң жазалауды сұрады

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков желіде қазақтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған қарағандылық кәсіпкерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген. 

“Телефонды ашып отырсам, аты-жөні көрсетілмеген бір парақша қарағандылық қызды кешірейік деп сөйлеп жатыр екен. “Кешіріңіздер, ол білмей қалыпты, сондай сөздерді айтып, парақшасының танымалдығын арттырайын деген шығар” деген пікірін айтыпты. Біріншіден, сол ініме айтып кететінім, інім, айналайын, мұндай қателік жасама, керегі жоқ. Мен елге белгілі отбасы ретінде сөйлеп отыр деп ойлап қалуларыңыз мүмкін. Бірақ олай емес. Менің отбасымды бүкіл Қазақстан таниды. Бірақ мен басқа ұлттың атына кір келтіріп, “сен мәмбетсің” деп отбасымның атын шығарған емеспін. Сондықтан інім, саған айтарым, мынандай жағдайды қолдаудың тіптен қажеті жоқ. Тұтас ұлтты қаралап, “сен шошқасың, сен малсың” дегені миыма сыймайды. Солай атын шығарамын деп, ал сенің оны қолдап тұрғаныңа менің қарным өте ашып тұр, дейді Айдарбек Нұртас. 



Одан кейін билік басында отырғандарға да үндеу жасады. 

“Менің жасым 60-қа таяды. Жоғары жақта отырғандардың бірі маған бауыр, іні, қарындас болады. Соларға айтарым, тұтас ұлтқа тіл тигізген адамға кешірім болмауы керек. Айыппұлмен құтылмауы керек. Мен қазір аузыма келгенін оттасам, маған айыппұл салмайсыңдар. Сол секілді бұл қызды да жазалау керек. Әңгіменің тоқетері қамалуы керек”, – деп ашуланды Нұртас Айдарбеков. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 25 Шілде, 2025 16:27
Талқылау