"Кешір мені, балам". Меруерт Түсіпбаева өмірдегі өкінішін айтты
Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева кезінде жалғыз ұлына дұрыс көңіл бөле алмағанын айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/meruert_tusupbaeva
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Қазір бір тал балам есейіп, басқа мемлекетте өз өмірін сүріп жатқанда мен қандай ана болғанымды есіме түсірсем, қуыстанамын. Балам менің келгеніме қуанып, алдымнан атып шыққанда: “Отойди (Қаш! Асығыспын!)“ дегенім ғана есімде. Жанталасып,🥲күйбең тірлікпен өмірдің өтіп кеткенін аңғармаппын”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші осы ісіне өкінетінін айтып, ұлынан кешірім сұрады.
“Кешір мені, балам. Серт беремін! Мен жақсы әже боламын”, – деді ол.
Айта кетейік, әншінің ұлы Нұрғиса қазір Еуропада ІТ саласында оқып жатыр.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық