Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Керосин құйып тазартатын": Ерке Есмахан балалық шағын есіне алды

Танымал әнші Ерке Есмахан балалық шағында шашының жиі сіркелеп кететінін айтып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі бала күнінде шашын тақырлатып алып тастағанын да айтты. 

“Шашым қалың, бұйра-бұйра, сосын кішкентайымда биттей беретінмін. Бит тарақпен, жабылып қолмен, керосинмен тазартатын. Тақыр қылып алып тастаған кез де болды. Сонда да кетпейтін бит, сірке", – деп жазған Ерке Есмаханға оқырмандары түрлі реакция білдірген.



Тіпті бір оқырманы “тегін тазалап берейін” деп жазса, енді бірі “бастың сіркелеуі байлықтың белгісі” деп болжаған. 

"И қасқа, кішкентай кезімде деп жаздым ғой. Тазалап берейін дегені несі, онымен қоймай тегін дей ме? Неге ондайсыздар? Алла, Алла", – деп жауап берді.

Одан кейін "Кішкентай кезде биттегендер өскенде бай болады екен. Осылай деп мың адам жазды. Еңбек емес, сол биттің арқасында байып кетіп, қазір Антальяда демалып жатырмыз ғой, шүкір. Баюдың жолын таптық, коуч ханымдар", – деп жауап қалдырды өнер иесі. 

Еске салайық, Erke мен RaiM Америкада өтетін концертінің билет бағасын жариялады. 

Талқылау